Новость от 01.03.2015
<< архив новостей2015 жылдың наурызы Серіктестік ақпараттық технологиялар саласындағы өзінің 5 жылдығын атап өтуде.
Осы уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының барлық 18 ауданында электр энергиясын есепке алу және есеп айырысу автоматтандырылған жүйесі енгізілген. 2 Сарағаш және Қазығұрт ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ ) шығаруды есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тұтынушылары бойынша ақпараттың 100% сенімділігі мен оның тұтастығымен бірыңғай ақпараттық-анықтамалық база құрылды. Ол қызмет көрсетушілердің географиялық тұрғыдан қашықтағы жұмыс орындарына ақпаратты жедел алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (қызмет тұтынушылары туралы жиынтық және аналитикалық есеп беру және т.б.). Сонымен қатар, осы жылдар ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша автоматтандырылған есептеулерде максималды дәлдікке қол жеткізілді.
Барлығы бұрыннан зерттелген жерден жаңа нәрсені таба білу, бұрыннан бар міндеттерді қолдану секторын кеңейту, жаңа технологияларды құру серіктестік дамуының үздіксіз қозғалысының көрсеткіші болып табылады. Қолданбалы жаңа тапсырмаларды құру – біздің
биллингтік компания мамандарының кәсібилігі мен шығармашылық ізденісінің ұдайы өсуінің көрсеткіші.
Жыл сайын
Omega- Billing бағдарламалық-аппараттық кешені өз мүмкіндіктерінің жаңа деңгейіне көтеріледі және заманауи IT-технологиялардың барлық талаптарына және Тұтынушының көптеген үміттеріне жауап береді. Бүгін біз сізге ең жақсы бағдарламалық жасақтаманы, білім мен тәжірибені ұсынуға дайынбыз! Біз серіктестерімізге – коммуналдық және басқа да қызмет түрлерін жеткізушілерге, сондай-ақ Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығына (ҚБЕО)
Шымкентте Бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытып, қолдау көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс айтамыз.